Бастау үшін, Назар аударыңыз, жаз!

~1 мин чтенияПросмотров: 24

Бүгін жеңіл атлетикадан эстафеталық жарысқа 20 команда мен 100 жас спортшы қатысты.

Іс-шараны «KM Run Club» жүгіру клубы, «Қостанай минералдары» АҚ және Жітіқара ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырды. Жарыстың өтуіне «Аманат» партиясы мен TASSAY сауда маркасы қолдау көрсетті.

Эстафета барысында жарыс алаңында тартысты бәсеке мен спорттық рух салтанат құрды. Әрбір команда жоғары нәтиже көрсетуге бар күшін салды.

Қыздар арасында кезеңнің үздік нәтижесін Абай атындағы мектеп-лицейдің оқушысы Ксения Краснобаева көрсетсе, ұлдар арасында №12 жалпы білім беретін мектептің оқушысы Назар Донец үздік атанды.

Жарыс қорытындысы бойынша қыздар арасында І орынды №4 жалпы білім беретін мектеп командасы иеленді. ІІ орын №12 жалпы білім беретін мектебіне бұйырса, ІІІ орынды Абай атындағы мектеп-лицей командасы жеңіп алды.

Ұлдар арасында чемпион атанған — №12 жалпы білім беретін мектеп командасы. ІІ орынды Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің командасы иеленсе, ІІІ орын Абай атындағы мектеп-лицей командасына бұйырды.

Поделиться записью

Оставьте комментарий