Жітіқара ауданы мәдениет бөлімінің басшысы Жаңылдық Әлмұхамедова «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісімен марапатталды

~1 мин чтенияПросмотров: 6

Республика күні қарсаңында Жітіқара ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жаңылдық Алтайқызы Әлмұхамедова «Мемлекеттік қызмет ардагері» ведомстволық наградасымен – төсбелгісімен марапатталды.

Салтанатты марапаттау рәсімі облыс орталығында өтті. Награданы Жаңылдық Алтайқызына Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов табыстады. Бұл жоғары баға – оның мемлекеттік қызметтегі көпжылдық, адал және мінсіз еңбегінің айқын танылуы.

Жаңылдық Алтайқызын лайықты марапатымен құттықтаймыз!

Поделиться записью

Оставьте комментарий