Республика күні қарсаңында Жітіқара ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жаңылдық Алтайқызы Әлмұхамедова «Мемлекеттік қызмет ардагері» ведомстволық наградасымен – төсбелгісімен марапатталды.
Салтанатты марапаттау рәсімі облыс орталығында өтті. Награданы Жаңылдық Алтайқызына Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов табыстады. Бұл жоғары баға – оның мемлекеттік қызметтегі көпжылдық, адал және мінсіз еңбегінің айқын танылуы.
Жаңылдық Алтайқызын лайықты марапатымен құттықтаймыз!