Көлік қызметкерлері күнімен!

~1 мин чтенияПросмотров: 19

«Қостанай минералдары» АҚ Автокөлік кәсіпорнының қызметі сан алуан бағытты қамтиды. Күн сайын кәсіпорын қызметкерлері өндірістік учаскелердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге, жұмысшылар мен жүктерді белгіленген орынға уақытылы жеткізуге бағытталған маңызды міндеттерді атқарады.
Бұл жұмыста тәжірибе, мұқияттылық, техниканы жетік білу және жауапкершілік аса маңызды. Сонымен қатар ұжыммен бірлесе жұмыс істеу, әріптестерге қолдау көрсету де үлкен мәнге ие. Өйткені ортақ нәтиже әр қызметкердің еңбегі мен кәсібилігінің арқасында қалыптасады.
Автокөлік кәсіпорнының ұжымын кәсіби мерекемен құттықтаймыз! Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілейміз. Әр сапар сәтті аяқталып, жұмыс күндеріңіз қауіпсіз өтсін. Шаңырақтарыңызға шаттық пен тыныштық орнасын!

Поделиться записью

Оставьте комментарий